Қызылордалық 7 спортшы халықаралық дəрежедегі спорт шебері атанды
Kyzylorda-news.kz. Алматы облысы Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейден ерлер арасында Орталық Азия кубогы өтті.
Дүбірлі бəсекеде Қызылорда облысының құрама командасы табысты өнер көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды.
Осы жеңістеріне орай команда құрамында ойнаған сырдариялық спортшылар Нұрхан Сансызбаев, Бақытбек Сəрсенбайұлы, Мұрат Ешпанов, Дəулетбек Əлиев, Бақытбек Тəженов, Нұрлыбек Ұзақов жəне қазалылық Мұқағали Сансызбаев ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Сондай-ақ, Бақытбек Сəрсенбайұлы «Үздік қақпашы» номинациясын иеленді.
«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Команданың алға қойылған мақсаты орындалып, чемпион атандық. Ендігі жоспар 1-8 қазан аралығында Ресейдің Қазан қаласында көгалдағы хоккейден жоғарғы лига командалары арасындағы ашық чемпионатқа жəне қараша айында Қызылорда қаласында индор хоккейден өтетін ҚР чемпионатына қатысып, үздік атану», - деді көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин.