Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық Тұрсынбай Құлахмет бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Қызылордалық Тұрсынбай Құлахмет бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Kyzylorda-news.kz. Екатеринбургте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет те жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Т.Құлахмет ширек финалда 75 келіге дейінгі салмақта армениялық Арман Дарчинянмен кездесті.
Тұрсынбай алға ұмтылған қарсыласын тосып алып, жұдырығын жиірек жұмсап, аяқпен де жылдам қимылдай білді.
Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Т.Құлахметке берді.
Тұрсынбай Құлахмет бұған дейін чехиялық Милош Бартлды және америкалық Хавьер Мартинесті жеңген болатын.
Бұл салмақтағы 2017 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл жарақаттанып қалғандықтан, биылғы Азия чемпионатына Т.Құлахмет барып, чемпион атанған.

18 қыркүйек 2019 ж. 402 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области