Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "ҚАЙСАР" ТҮРКИЯДА ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗЕДІ

"ҚАЙСАР" ТҮРКИЯДА ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗЕДІ


    Кеше Стойчо Младенов баптайтын «Қайсар» командасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанып кеткенін хабарлаған едік. Жерорта теңізінің жағалауында қаңтардың 26-сына дейін болатын Сыр командасы жиын барысында екі жолдастық кездесу өткізеді.
     Бірінші матч 22 қаңтарға жоспарланған. Қарсыласы Румынияның «Сепси» клубы. Қазір Румынияда қысқы үзіліс болғандықтан олар да дайындықтарын Түркияда жүргізеді. Жалпы, «Сепси» 22 турдан кейін ел чемпионатында 14 команданың ішінде 13-ші орында келеді. Одан кейін 25 қаңтарда қызылордалықтар Болгарияның «Дунав» командасымен кездесуі тиіс. Оларда да ақпан айының ортасына дейін үзіліс. «Сепси» секілді «Дунав» та өз чемпионаттарында 14 команданың ішінде 13-орында келеді.
     Бапкерлер алқасы Анталияға өткен маусымнан қалған 19 ойыншыны және маусым аяқталысымен келісімшартқа отырған Александр Марочкинді алып кетті. Сондай-ақ, Түркияда «Қайсарға» Таңат Нөсербаев, Қайрат Әшірбеков, Әлішер Сүлей, Бауыржан Байтана, Тимур Досмағамбетов, Марк Гурман, Душан Савич (Македония) сынды футболшылар да қосылады деп күтілуде.
    Бұдан бөлек, бапкерлер алқасы бірқатар легионерлерді де тексеріп көрмек. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанған «Қайсар» футболшылары: Қақпашылар: Александр Григоренко, Марсель Исламқұлов, Нұрымжан Салайдин. Қорғаушылар: Дмитрий Евстигнеев, Александр Марочкин, Ілияс Әмірсейтов, Абдель Азиз Ламанж (Франция), Иван Граф (Хорватия), Валентин Чуреев, Елжас Сарбай. Жартылай қорғаушылар: Мақсат Байжанов, Валерий Коробкин, Думан Нәрзілдаев, Джон Банколе Камара (Сьерра-Льоне), Матиас Курьор (Мартиника), Джа Джедже (Франция), Айбол Жақаев. Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Милан Бойович (Сербия), Өркен Маxан.
    Әзиз ЖҰМАДІЛ,
    sportsffa.kz


05 қаңтар 2018 ж. 680 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области