"ҚАЙСАРДЫҢ" ЭКС-ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ "ЕКІБАСТҰЗДЫҢ" БАС БАПКЕРІ БОЛЫП БЕКІТІЛДІ
Қайсардың экс-жаттықтырушысы Александр Москаленко бірінші лигадағы «Екібастұз» футбол клубының бас бапкері болып бекітілді.
Футболшы ретінде 2001 жылы «Астанамен» бірге ел кубогының жеңімпазы атанған Александр Москаленко Теміртаудың «Болатында», Өскеменнің «Востогында», Қарағандының «Шахтерінде», оңтүстік астанамыздың «Алма-Ата» командасында және Қызылорданың «Қайсарында» доп тепкен.
2011-2015 жылдар аралығында «Болатты» жаттықтырып, 2015 жылы бірінші лиганың үздік бапкері аттанған. 2016 жылы Қызылорданың «Қайсарында» бас бапкердің бірінші ассистенті болып, Сыр командасының Премьер-лигаға шығуына үлес қосты. Былтыр Стойчо Младеновтің көмекшісі болды.
sportsffa.kz