ДӘУРЕНБЕК ТӘЖІМБЕТОВ «ҚАЙСАРҒА» ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Қазалы футболының түлегі Дәуренбек Тәжімбетов «Қайсар» құрамында 2004 жылдан ойнай бастады. Осы жылғы 15 сәуірде «Қайсар» – «Ордабасы» матчында ойынға қосылған ол Олег Воскобойников қорғаған қақпаға алғашқы голын соқты.
Д.Тәжімбетов премьер-лигада 6 команда сапында өнер көрсетті. «Қайсарда» 121 ойын өткізіп, 16 доп соқты. «Астана» сапында 4 матч өткізді. Сондай-ақ, «Ордабасы» (133 матч, 32 доп), «Тараз» (15 матч, 2 доп), «Шахтёр» (30 матч, 6 доп) және «Атырау» (9 матч) командасы құрамында доп тепті. Жалпы премьер-лигадағы 312 матчта 56 доп соқты.
Сонымен қатар, «бурундилік жартылай қорғаушы Саиди Нтибазонкиза Қайсар» құрамында биыл да ойнауы мүмкін. Ол команда сапына былтыр қосылған, бірақ маусым басында ауыр жарақат алып, өз шеберлігін толық таныта алмады.
Кейбір дерек көздерінше қазір жарақатынан толық айыққан жартылай қорғаушыға клуб басшылығы тағы бір мүмкіндік беріп отыр. Бурундилік клуб құрамында Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанып кетті.