Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ауыр атлетикадан ел чемпионаты мен кубогы өтуде

Қызылордада ауыр атлетикадан ел чемпионаты мен кубогы өтуде

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы "Евразия" спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ҚР-ның жекелей жəне командалық чемпионаты мен кубогы өтуде.Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жəне облыс орталықтарынан 14 команда, 186 спортшы 20 салмақ дəрежесінде қатысуда. Оның 73-і əйел, 113-і ерлер.
Жарыстың салтанатты ашылуына Қызылорда облыс əкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысып, спортшыларға сəттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрама команда жасақталатын болады.
Айта кетейік, Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан халықаралық бірлік чемпионатына жерлесіміз Илья Ильин қатысуда. Сондай-ақ, 13-20 ақпан аралығында Ташкентте жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін Азия чемпионатына облыстан Əлем чемпиондары Рахат Бекболат пен Сəпи Есенкелді жəне күміс жүлдегер Айсамал Сансызбаева Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Ел чемпионаты мен кубогы күнде сағат 11.00-17.00 аралығында өтеді. Жалпыкомандалық есеп бойынша нәтиже 14 ақпан күні белгілі болады.
10 ақпан 2020 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области