Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОЛИМПИАДАЛЫҚ ҚАЛАШЫҚТА АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУЫ ІЛІНДІ

ОЛИМПИАДАЛЫҚ ҚАЛАШЫҚТА АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУЫ ІЛІНДІ


    Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтар қазақстандық спортшыларды қарсы алуға дайын. Алғаш болып еліміздің туы ілінді, - деп хабарлайды ҰОК.
    - Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті бәрін қадағалап, спортшыларымыз үшін барлық жағдай жасап қойды. Пхенчхан мен Каннындағы олимпиадалық қалашықтарда алғаш болып еліміздің туы ілінді, - деп жазады ҰОК ресми сайты.
    Қысқы Олимпиада ойындары екі кластерде орналасқан 12 спорт нысанында өтеді. Пхенчхан таулы кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажайдағы Каннын кластерінде коньким спортынан бәсекелер өтеді. Олимпиада ауылдары екі кластерде болмақ. Қазақстаннан Олимпиада ауылына бірінші болып ақпанның бірінде биатлоншылар барады. Ертеңінде тау шаңғышыларымыз бен конькишілеріміз кіреді. Артынша шорт-трекшілер мен могулшылар жайғаспақ. Шаңғышылар мен тұғырдан секірушілер ақпанның 5-де ат басын бұрады. Фристайл-акробатикадан ұлттық құрама Оңтүстік Корея жеріне ақпанның сегізінде барады. Мәнерлеп сырғанаушылар жарыс өтетін жерге жеке-жеке келмек.
    Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Төрткүл дүние асыға күткен доданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.
    massaget.kz


30 қаңтар 2018 ж. 821 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области