Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАН ОЛИМПИАДАШЫЛАРҒА ҚАНША СЫЙАҚЫ БЕРЕДІ?

ҚАЗАҚСТАН ОЛИМПИАДАШЫЛАРҒА ҚАНША СЫЙАҚЫ БЕРЕДІ?


    2018 жылғы қысқы Олимпиада аяқтала салысымен қазақстандық спортшылардың қайсысы мемлекеттік сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Олимпиадаға қатысып, ең кемі 6-орын алған спортшы сыйақы ала алады. Осыған байланысты биыл бұл тізімге Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, фристайлшы  Юлия Галышева мен 6-орын алған шорт-тректен ерлер эстафета командасы ілінеді.
    Үкімет қаулысына сәйкес есептегенде Юлия Галышева мемлекеттен 75 мың доллар алады.
    Ал шорт-тректен ерлер эстафета командасына (Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов) жалпы 20 мың доллар беріледі.
    Одан бөлек, спортшылардың бапкерлері де сыйақы алады. Галышеваның медалі үшін бапкерлерге берілетін 75 мың доллардың 10 проценті бірінші бапкеріне, 80 проценті жеке бапкеріне, 10 проценті осы спорт түрі бойынша ҚР құрама командасының бас бапкеріне беріледі.
    Ал шорт-трекшілердің үш бапкеріне жалпы 15 мың долар беріледі.
    Қорыта келгенде биыл Қазақстан олимпиадашыларға 185 мың доллар сыйақы береді.

26 ақпан 2018 ж. 621 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области