Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ БОЛГАРИЯДА БЕС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ БОЛГАРИЯДА БЕС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ


    Бокстан Болгария елінің астанасы Софияда "Страндж" халықаралық турнирі аяқталды. Биыл 69-ші рет ұйымдастырылған жарысқа қазақ боксшылары да қатысты
    Қазақстан құрамасын Болгарияға жаттықтырушы Нұрғали Сафиуллин бастап барды. Кәрі құрлықта өткен дүбірлі додада 10 боксшымыздың 5-і жүлделі орыннан көрінді.
    64 кг-ға дейінгі салмақта Сабыржан Бекбергенов жарыс жеңімпазы атанды. Отандасымыз финалда украин боксшысы  Иван Данчаны ұтты. Нұрбол Қалжанов (56 кг), Қанағат Маралов (69 кг), Михаил Коханчик (81 кг) пен Абзал Құттыбеков (91 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
    Жалпыкомандалық есепте 3 алтын 2 қола медаль еншілеген Болгария құрамасы бірінші орын алды. Екінші орынға Үндістан құрамасы (2 алтын 1 күміс 1 қола) ие болса, үздік үштікті Украина құрамасының боксшылары (2 алтын 1 күміс) түйіндеді. Ал Қазақстан құрамасы 6-орынға тұрақтады.
    Енді қазақ боксшылары 8-12 наурыз аралығында Финляндиядағы Gee Bee халықаралық турниріне қатысады. Ол жарысқа Олжас Байниязов (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг), Бек Нұрмағамбет (81 кг), Василий Левит (91 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+ 91 кг) барады.
    Дереккөз: Vesti.kz

27 ақпан 2018 ж. 687 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области