Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНАН 1-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНАН 1-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ


Астана қаласында тоғызқұмалақтан жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы жоғары жетістікке жетті.
  Облыстың аға жаттықтырушысы Хәкімжан Елеусінов жетекшілік жасаған дүбірлі сайыста 12 жүлдеге (5 алтын, 3 күміс, 4 қола) ие болып, жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды.
  Жекелей сында блицтен Дамир Ахметов пен Ерасыл Пернебаев (екеуі де Сырдария), классикадан Ермұхаммед Әлайдар (Жаңақорған) мен Рауан Ыбырай (№2ОРМБЖМ) және рапидтен Нұрай Мектепхан (Сырдария) Қазақстан жеңімпаздары атанды.
  Блицтен Жантөре Аманқос (Сырдария), Ақерке Кенжебекова (ЖСШМ), рапидтен Балнұр Айжарық (№2ОРМБЖМ) күміс жүлделерді иемденді. Классика және блиц түрлерінен Асылбек Қаржаубаев (№2ОРМБЖМ) 2 қола жүлделерге қол жеткізсе, блиц бойынша Балнұр Айжарық (№2ОРМБЖМ), классикадан Ұлдана Маханбетамин (ЖСШМ) үшінші орыннан көрінді.
  Жарыс нәтижесінде шілде айында Моңғолияда жастар арасында өтетін Азия чемпионатына облысымыздан Дамир Ахметов, Рауан Ыбырай және Ақерке Кенжебекова жолдама алды.
  Сондай-ақ, ел чемпионатының қорытындысы бойынша 1,2 орындарға ие болған спортшылар ҚР ұлттық құрама командасының құрамына кіреді. Тоғызқұмалақтан облыс спортшыларының спорттағы жеңістеріне, жүлделеріне үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбектерінің зор екенін айтуға болады.
Жалпы жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 15 команда 300-дей спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Батыс Қазақстан облысы (3 алтын, 2 күміс, 2 қола) екінші, Ақтөбе облысы (3 алтын, 1 күміс) үшінші орындарды еншіледі.                                                 

02 сәуір 2018 ж. 744 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области