КӨРІПКЕЛ МЫСЫҚ БҮГІНГІ МАТЧҚА ҚАТЫСТЫ БОЛЖАМ ЖАСАДЫ
Эрмитаждағы Ахилл есімді үй жануарының таңдауы Ресей құрамасына түсіпті. Яғни 1:0 есебмен алаң иелері басым түседі деген болжам бар. Ол үшін Санкт-Петербургтегі баспасөз орталығына екі тәрелке қойып, оған тағам салынды.
Сәйкесінше, екеуіне қарсылас құрамалардың туы салынған. Ахилл біраз ойланып барып, Ресей жалауы белгіленген жерден тамақ ішті. Футбол әлемінде Ахилл тәжірибелі көріпкел саналады. Әсіресе өткен жылы Конфедерация Кубогіндегі Ресей мен Жаңа Зеландия арасындағы матч қорытындысын дәл болжап берді.