ГОЛОВКИН «КАНЕЛОНЫ» ҚАЛАЙ ЖЕҢГІСІ КЕЛЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

«Мен чемпионмын, соған өзімді дайындадым. Мені қарсыласымды нокаутпен жеңу жағдайы қанағаттандырады. Мен сол кезде ғана өзімді 100 пайыз бақытты сезіне алатын боламын»,- деді Головкин UCNLive.com.-ға берген сұхбатында.
«Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.