ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫР АТЛЕТТЕРІ – БІРІНШІ ОРЫНДА
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен ҚР жеке командалық чемпионатында облыс спортшылары табысты өнер көрсетті.
Жалпы командалық есепте ұлдар 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленіп, 1-орынды жеңіп алса, қыздар 1 алтын, 4 күміс, 4 қола медальмен 3-орынды еншіледі.
Жекелей есеп бойынша ұлдар мен қыздар арасында алтын жүлдеге Ерасыл Ергенбай, Есенгелді Сәпи, Рахат Бекболат, Алтынай Тәңірбергеновалар ие болды.