Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық шахматшылар Қазақстан чемпионатынан 12 медаль иеленді

Қызылордалық шахматшылар Қазақстан чемпионатынан 12 медаль иеленді

Ағымдағы жылдың 3-17 қаңтар аралығында Павлодар қаласында шахматтан жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Дүбірлі додада Қызылорда облысының командасы, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шахматшылары 5 алтын, 4 күміс, 3 қола, барлығы 12 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленді.
Жекелей сында классика бойынша Сұлтан Аманжол (14 жасқа дейін), Назерке Нұрғали (16 жасқа дейін) және Әсел Серікбай (18 жасқа дейін) Қазақстан чемпиондары атанса, Сақыпжамал Бармағамбетова (18 жасқа дейін) күміс, Мейірхан Ақылжан (8 жасқа дейін) қола жүлделерге ие болды.
Рапид бойынша Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали, Сұлтан Аманжол күміс, Мейірхан Ақылжан қола жүлделерге қол жеткізді.
Блиц бойынша Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали алтын медальдарды жеңіп алса, Мейірхан Ақылжанға қола жүлде бұйырды.

17 қаңтар 2019 ж. 646 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области