Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда туған неміс қызы кәсіби рингте нокаут жасады

Қазақстанда туған неміс қызы кәсіби рингте нокаут жасады

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы неміс қызы Кристина Хаммер кәсіби рингте кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жекпе-жек 9 ақпанда Берлинде өтті. Ол сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Кристина екінші раундта техникалық нокаут жасап, жеңіске жетті. Хаммердің қарсыласы Грузиядан келген Елена Сикмашвили болды. Енді спортшының активінде 24 жекпе-жектегі 24 жеңісі бар.
Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп, қазір Дортмундта тұрады. Бокспен 15 жасынан бастап айналысады, ал 20 жасында Германияның кәсіби бокста ең жас әлем чемпионы атанды. Оның кумирі - Геннадий Головкин.

11 ақпан 2019 ж. 465 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области