Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зияткерлер таеквандодан облыс біріншілігінде топ жарды

Зияткерлер таеквандодан облыс біріншілігінде топ жарды

Таеквондодан спорт шебері Вячеслав Пакты еске алуға арналған балалар мен кадеттер арасындағы облыстық турнирде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үш жүлделі орынды иеленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Мектептің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қызылорда облысында таеквандо спортын дамыту және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа аудан, қала және өзге облыстан 300-ге жуық спортшы қатысты.
9 сынып оқушысы Мадияр Садуақас 68 келі салмақ дәрежесіндегі 5 палуанмен сайысқа түсті. Нәтижесінде екі қарсыласын жеңіп, қола медальді қанжығасына байлады.
Нәзік жандылар арасынан жарысқа қатысуға ниет білдірген 7 сынып оқушысы Нұрамина Абзал татамидегі жекпе-жекте мықтылығын көрсетіп, жүлделі екінші орынды иеленді.
15 жасар Самал Жұмаділдаева облыс біріншілігінде 55 келі салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, алтын медаль иегері атанды.
Айта кетейік, қаңтар айынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектебінде таеквондодан спорттық секция ашылды. Қазір бұл үйірменің 7-12 сыныптар бойынша 40-қа жуық тұрақты қатысушысы бар. Секция жұмысына Азия Чемпионатының қола жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, қара белбеу 2-дан иегері Сергей Пак жетекшілік етеді.

28 ақпан 2019 ж. 492 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области