Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жастар арасында кіші футболдан турнир өтті

Қызылордада жастар арасында кіші футболдан турнир өтті

Қызылордада жұмыссыз жастар арасында Алмат Арманұлын еске алуға арналған кіші футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Турнирге Тасбөгет кентінің жастары қатысты. Жарысты белсенді жас Жасұлан Жақыпов ұйымдастырып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Тасбөгет кент әкімдігі мен қалалық ішкі саясат бөлімі қолдау білдірді.
Турнирдің ашылу салтанатында №6 ООРМБЖМ футболдан жаттықтырушы-оқытушы Төребек Жақсылық және Алмат Арманұлының анасы Жанат Қараманова сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирде 16 команда бақ сынасты. Бұл жарысқа қатысушыларды барлығы өз еріктерімен белсене атсалысқан. Жұмыссыз жастардың бір сәтке болса да ойларын сергітуді көздеген ұйымдастырушы Жасұлан Жақыпов жастардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлескенін айтады.
«Жастар арасында өзара келспеушіліктер болып тұратыны белгілі. Жиі-жиі төбелестер болып, соның кесірінен қаншама отбасы опық жесе, кей жастарымыз темір торға қамалған да болатын. Жастардың бос уақытын аз да болса тиімді пайдалану мақсатында бастарын біріктіруді жөн көрдім. Олардың әрқайсысының үйіне барып, турнир туралы өз ойымды айтқанда барлығы бірдей қолдап қатысатынын айтты», - дейді Жасұлан Жақыпов.
Бұрын жоғары деңгейде турнир ұйымдастырып көрмегенін айтқан Жасұлан әр істің байыбына барып, барлығын егжей-тегжей ойлап, дайындықты күндіз-түні жүргізген. Дайындық кезінде жеребе тасталып, жарыс алдында жастарға арнайы жиында өткізілген.
«Қайсар» футбол клубның судиясының мамандары турнирге қатысушыларға ойынның ережелерін таныстырды. Сондай-ақ оларға ойын кезінде болатын іс-әрекеттер ашумен емес, судияның шешімімен шешілетіні қатаң ескертілді», - дейді Жасұлан Жақыпов.
Турнирде қатысушылар үздік ойын көрсетіп, финалға 4 команда жолдама алды. Олар FC "Құддыс", FC "Аль-Жазира", FC"Tasbuget" және FC "11-мектеп лицей" бақ командалары. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды FC "Аль-Жазира" иеленсе, ІІ орын FC "Tasbuget" командасына бұйырды. Ал І орынға FC "11-мектеп лицей" жайғасты.
Сайыста "Үздік команда" номинациясына FC "Құддыс" командасы ие болды. "Үздік шабылдаушы" номинациясы Әділбек Жұбандықовқа табысталса, "Үздік қорғаушы" және "Үздік қақпашы" номинацияларына Қанат Музарап пен Берік Әлібаев лайық деп танылды.
«Осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұру керек, біз сияқты жастардың спортқа деген қызығушылығының артып келе жатқаны кім-кімді болсада қуантары анық, тәуелсіз елдің жастары, жастар жылында маргеналдан, оригиналға айналып жатса нағыз еңбектің жемісі болса керек», - дейді Жасұлан Жақыпов.

27 наурыз 2019 ж. 538 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области