Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Азия чемпионаты: Илья Ильин бесінші орынды қанағат тұтты

Азия чемпионаты: Илья Ильин бесінші орынды қанағат тұтты

Kyzylorda-News.kz. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бесінші орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Илья Ильин 96 келі салмақта сынға түсті. Ол қоссайыстың қорытындысымен 345 келіні бағындырды. Нәтижесінде Илья бұл көрсеткішімен бесінші орыннан әріге аса алған жоқ.
Азия чемпионатында бұдан бұрын жігіттер арасында үш қазақстандық спортшы сайысқа түсті. Олардың арасынан Арли Чонтей (55 келі) мен Денис Уланов (81 келі) қола жүлдеге қол созды. Ал Фархад Харки (67 келі) алғашқы ондықты қорытындылады. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов алған жарақатына байланысты жарысқа шықпады.
Әзірге қыздар арасында жүлдеге ешкім іліккен жоқ. Зульфия Чиншанло (55 келі) төртінші орынды қанағат тұтса, Карина Горичева (64 келі) бесінші орын алды.
26 сәуір 2019 ж. 441 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области