Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЗНЕС-ЖОСПАР ЖАСАУ БІЛЕСІЗ БЕ?

БИЗНЕС-ЖОСПАР ЖАСАУ БІЛЕСІЗ БЕ?



  Бұдан бұрын хабарла¬ғанымыздай биыл аймағымызда кәсіпкерлікті қолдау жылы болып белгіленді. Нақтырақ айтқанда шағын және орта бизнес субьектілерін көбейту арқылы салық базасын ұлғайту, жұмыссыздықты азайту, ел экономикасының әлеуетін арттыру көзделген. Осы орайда, газет редакциясына келіп, өздерін толғандырған сауалға жауап іздеген кәсіпкерлердің сұрақтарына Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы Сырдария аудандық филиал директоры Ф.Әбжаппаров жауап береді.
– Бизнес-жоспар не үшін қажет? Қандай мақсатта пайдаланады? Ерекшеліктері неде?
  – Өз кәсібіңізді ашатын кезде бизнес-жоспарды жасау бірінші қадамдардың бірі. Сіз бизнес-жоспарсыз да өз кәсібіңізді бастай аласыз. Дегенмен, кәсібіңізді одан әрі дамыту үшін және де өз ретімен әрекет жасау үшін бизнес-жоспардың болғаны маңызды. Сіз қазіргі кезде мемлекеттік бағдарламалар бойынша қандай да бір қаржы институттарынан қаржы алатын болсаңыз бизнес-жоспар бұл міндетті құжаттардың бірі болып табылады. Егер өзіңіз бизнес-жоспар құруға қиналсаңыз онда біз – кәсіпкерлер палатасы тегін әзірлеп береміз. Ол үшін Сіз бізге келіп, өтініміңізді қалдырып кетуіңіз қажет. Әрі қарай маркетинг мәселелері жөніндегі менеджер-кеңесшілер дайындап бе¬реді.
– Бизнес-жоспардың құрылымдық бөлімін талдап берсеңіз? Құрылымдық бөлімдері қалай, жоспарда не қамтылу керек? Сол жөнінде білгім келеді.
– Бизнес-жоспарды жасау кезінде өзінің міндетті құрылымы бар. Ең бірінші, титулдық парағында жобаның атауы мен мәні және оның басшысы мен мекен-жайы көрсетіледі. Одан кейін жобаның түйіндемесі оның ең маңызды құрылымы болып табылады. Түйіндеме өз кәсібіңіздің жарнамасы десе де болады. Бизнес-жоспардың түйіндемесінде ең негізгі аспектілер көрсетіледі, яғни мақсат-міндеттері, шығаратын тауарыңыздың немесе қызметіңіздің, жалпы өніміңіздің сипаттамасы көрсетілуі тиіс. Мұнан өзге, бизнес-жоспарда нарық пен сала жағдайына талдау жасалуы қажет. Яғни, тауарыңыздың нарықтағы сұранысы, соңғы жылдары осы тектес тауардың елімізде шығу көлемі, тұтынылу барысы көрсетілуі қажет. Сонымен бірге, жоспарыңызда шығаратын өніміңіз немесе қызметіңізге толық сипаттама беруіңіз қажет. Нақтырақ айтқанда, өніміңізді қалай шығарасыз, бұл салада өзіңіздің тәжірибеңіз бар ма, осы ұсынып отырған өніміңіздің өзге өнімдерден ерекшелігі неде, бәсекелестеріңіз кімдер, бәсекелестеріңіздің өнімдерінен сіздің өнімнің артықшылығы неде және сіз шығарып отырған өңірде қаншалықты сұранысқа ие? Міне, осы сауалдарға толық жауап болуы тиіс. Бизнес-жоспардың ішінде қамтылуы тиіс ақпарат – бұл маркетингтік жоспар. Маркетингтік жос¬парда шығарып отырған өніміңізді жарнамалау жоспарыңыз, өнімді өткізу каналдары көрсетілуі тиіс. Бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс келесі ақпарат өндіріс жоспарыңыз. Өндіріс жоспарында шығаратын өніміңізге кететін мерзімі, көлемі, мысалы бір айда қанша өнім шығарасыз және оны қанша қаржыға сатпақсыз, түсетін пайдаңыздың көлемі қандай, міне осы ақпараттар көрсетілуі қажет. Жоспарда болуы тиіс келесі ақпараттар инвестициялық климат пен тәуекелдер. Мә¬селен, сіздің кәсібіңіз өркендесе тіпті жақсы, бірақ бизнесіңізді жүргізу барысында белгілі бір кедергілерге кездесуіңіз де мүмкін ғой? Міне, жос¬парда осы мәселелерді алдын ала ойластырып алғаныңыз жөн. Яғни кездескен қиындықтарды жоюға, алдын алуға арналған да жоспарыңыз да болуы керек. Бизнес-жоспарда қамтылуы қажет жайттың бірі – ұйымдық жоспар. Бұл бөлімде кәсібіңізді жүргізу барысында жұмысқа алатын адамдардың саны, жалақы көлемі көрсетіледі. Жоспардағы маңызды құрылымның бірі – қаржылық жоспар. Қаржылық жоспарда кәсіпті жүргізу барысында түсетін таза пайда мен шығыстарыңыз, оның айырмашылығы көрсетіледі және кіріс пен шығыста көрсеткіш оң нәтижені көрсетуі қажет. Егер қаржылық жос¬парда «минусқа» кетсеңіз кәсіпті жүргізу барысында да табысыңыз болмайда деген сөз. Сонымен қатар, сіз қаржы институттарынан несие алатын болсаңыз, қаржы жоспарында ай сайын, бір жылда, әрі қарай несие мерзімі біткенге дейін төлейтін қаржы көлеміңізді де анық көрсетесіз. Сондай-ақ, кәсібіңізді жүргізу барысындағы өт¬пелі және тұрақты шығындарды да көрсетесіз. Бизнес-жоспардың қорытынды бөлігінде қосым¬ша ақпараттарды енгізуіңізге болады.

20 наурыз 2018 ж. 1 041 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области