Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ХАЛЫҚ – АЛЛАНЫҢ БІР АТЫ

ХАЛЫҚ – АЛЛАНЫҢ БІР АТЫ

Мұса пайғамбарға бірде бір балаға зар болған ерлі-зайыптылар келіп, Құдайдан бала сұратады. Тәңірі тағала:
– Бала беремін. Бірақ сәбиге бір айлық қана ғұмыр жазам, – деді. Олар:
– Жарайды, Мұса, Аллаға айт. Бізге ғұмыры аз болса да, бала қызығын берсін. Қубас атанғаннан осы жақсы, – деді.
Ұзамай екеуі ұлды болды. «Қартайғанда көрген қызығы ғой» деп, айналадағы көрші-қолаң, ағайын-туыс, дос-жаран бәрі жиналып, «құтты болсын» айтып, тілектерін білдірді. Олар ішкі мұңын сездірмей, қой сойып тойлады. Келген қонақтар: «Бауы берік болсын! Өмір жасы ұзақ болсын! Көп жасасын! Елдің мақтанышы болсын! Ауру-сырқау, бәле-жаладан Алла өзі сақтасын!» деп тілек айтты. «Бір айдан соң шетінейді» деген бөбек жастан асып, сүйкімді сәбиге айналды. Ата-анасы бұл хикметті түсінбей таң қалды. Олар бір күні Мұсадан осының сырын сұрағанда, ол да таң қалып:
– Иә, Алла сен екі сөйлемейтін едің ғой, бұл қалай, – деді. Ұлық Алла:
– Иә, мен оның жанын бір айдан соң алуға тиіс едім. Бірақ жиналған халық оған шын жүректен ұзақ ғұмыр тіледі. Менің бір атым халық емес пе? Өзімнің бір сипатым болып тұрған халықтың игі тілегін қалайша қабыл алмаймын. Бұл менің ұлықтығыма жараспайды. Көп дұғасы қабыл болды, – деді. Содан бастап көптің батасын, тілегін алу дәстүрге еніпті.


12 қыркүйек 2018 ж. 1 448 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области