Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ: АЛАН БАРНАРД. «АНТРОПОЛДОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ»

100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ: АЛАН БАРНАРД. «АНТРОПОЛДОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ»


Нақты кезеңде елімізде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалсы аясында көптеген игі іс-шаралар атқарылуда.
Халқымызды өркениеттің өріне бастайтын өзіндік бағытты айқындап берген бағдарламалық мақалада көрсетілген міндеттер кезең-кезеңімен іске асырылуда. Солардың қатарында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жас ұрпақтың бойына жаһандық ой-сана құндылықтарын сіңіруге ерекше екпін бермек. Қазақ тіліне аударылған 18 оқулықтың бірі профессор Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» атты кітабы. Аудармашы – Ж.Жұмашева.
Әлемнің үздік университеттерінде кеңінен қолданылатын профессор Алан Барнардтың бұл еңбегі антропологияның ғылым ретінде қалыптасуына шолу жасап, антропология туралы заманға сай, пәнаралық түсінік қалыптастырады.
Кез келген пәнді жете түсіну үшін оның тарихын білудің маңызы зор. Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген.
Бұл оқулық – сол жұмыстың нәтижесі. Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді кеңінен қамтыған.
Аталған оқулық антропология тарихы мен теориясын меңгеруге ден қойған студенттер мен жас мамандарға арналған.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 122 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области