Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШЕЖІРЕГЕ ТОЛЫ ӨҢІР

ШЕЖІРЕГЕ ТОЛЫ ӨҢІР


Көпті көрген көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, бағзы заманда Аралдан шыққан лақ үйлердің шатырынан-шатырына секіріп отырып, Бұхараға дейін барады екен. Бұл әсірелеп айтқан сөз болғанымен Сыр бойындағы көне қамалдар мен қорғандардың қазіргі кезде төбеге айналған ескі орындары осы оға еріксіз жетелейді. Отырар, Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент, Сығанақ, Баршыкент, Жент тағы басқа шаһарлардың орын тебуі және ұлы Жібек жолының осы өңірден өтуі Сыр бойының тұнып тұрған шежіреге толы екендігін көрсетеді.
Ал мұндай базарлы да ажарлы өңірден елі қадірлеп, халқы ұлық тұтар біртуар азаматтардың шықпауы да мүмкін емес. Кезінде елдің тізгінін ұстаған ақылды хандар да, қара қылды қақ жарып әділін айтқан билер де, халқына қорған, қарыс сүйем жерін жауға бермей күрескен батырлар да, білімдар ғұламалар да, өзінің қадір-қасиетімен әулие боп танылғандар да, халқының сүйіспеншілігіне бөленген ақын, жазушылар мен өнер иелері де, қоғам қайраткерлері де Сыр бойында аз болмаған.
Аты әлемге танымал ұлы ғұлама Әл-Фараби, күй атасы Қорқыт, желмаясымен жерұйықты іздеген Асан қайғы, бабтардың бабы Арыстанбаб, Сыр бойына ислам дінін алғаш әкелген Ысқақ баб, Хорасан ата атанған Әбдіжәлил баб, Қожа Ахмет Йассауи, Алпамыс батыр, Самархан шаһарын қырық жыл билеген Жалаңтөс баһадүр, айыр тілді Әйтеке би, Досбол датқа, тіл майын ағызған Дүр Оңғар, қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет шайыр секілді Сыр сүлейлері, кешегі өткен Асқар мен Әбділдә, Нартай мен Манап ақындар, азатық үшін алысып өткен Мұстафа Шоқай секілді тағдырлы тұлғалар Сыр бойының өшпес тарихына алтын әріптермен жазылған есімдерге айналды.
Сыр бойы осындай шежіреге толы өңір, тұнған тарих. Бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады» деген екен. Бұл орынды айтылған сөз. Өйткені, өткен тарихымызды білмей, бүгінімізді танымай, ертеңгі күніміздің де басын ашып айту қиын. Сондықтан өткенімізді өзіміз тануымызбен бірге оны қазіргі өскелең ұрпағымызға да таныта отырып, ата-бабалардың өткен өнегелі жолын насихаттай білу керек.

Адырбек СОПЫБЕКОВ,
«Өткен әзиз әулиелер» кітабынан.

24 наурыз 2018 ж. 1 002 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области