Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙ: ЕРТЕ ТЕМІР ҒАСЫРЫ

ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙ: ЕРТЕ ТЕМІР ҒАСЫРЫ


Елбасының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қысқа мерзім ішінде республикамыздағы қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталды. Қызылорда облысы бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілді. Бұған қоса, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, нақты кезеңде облыстың 12 музейінде «Рухани жаңғыру» тақырыбы ескеріле отырып, экспозициялар жаңартылды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің аймақтағы ірі мәдени, ғылыми-зерттеу орталықтардың бірі екені мәлім. Бүгінгі таңда музей қорында өлкеміздің ежелгі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін сан ғасырлық тарихынан терең сыр шертетін 55 мыңнан астам экспонат сақталуда. Музейдің археологиялық қорындағы экспонаттар ұлтымыздың баға жетпес байлығы болып табылады.
Оқырман қауымның жадында болса, Қызылорда облыстық музейінің 11 залдан тұратын экспозициясы толыққанды қайта жаңғыртылған болатын. Соның ішінде Сыр өңірінің ертедегі тарихын баяндайтын "Археология" залының экспозициясын ерекше атап өтуге болады.
Біз «Облыстық музейдің қайта жаңғырған «Археология» залы» тақырыбымен «Арал маңының тас және қола дәуірі» бөлімі туралы мақаланы өз оқырманымызға ұсынған едік. Бүгін «Ерте темір ғасыры» бөлімін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
...Арал өңірінің ерте темір кезеңіне жататын аса көрнекті ескерткіштері – Ұйғарақ және Оңтүстік Түгіскен қорымдарын (б.з.д. VІІ-VІ ғғ.) ерекше атауға болады. Бұл ескерткіштерге өткен ғасырдың 60-жылдары ХАЭЭ археологиялық Ұйғарақ қорымындағы 80 обаның 70-і, Оңтүстік Түгіскен қорымындағы 50 обаның 38-іне археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Мұндағы арнайы витриналарда Ұйғарақ қорымынан табылған керамикалық ыдыстар орын алған. Сонымен қатар, экспозицияда Қазақстандағы ең ежелгі жартастағы бейнелер болып табылатын Сауысқандық петроглифтері туралы баяндалады.
Қаратау аңғарының Сауысқандық және Бала Сауысқандық солтүстігінде орналасқан петро-глифтерді 2004 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Түркістан археологиялық экспедициясы (жетекшісі М.Елеуов) петроглифтердің алғашқы координаттарын анықтап, толық сипаттамасын берген. Сауысқандық петроглифтері бірнеше топқа топтастырылып қола, ерте темір және ортағасырлармен мерзімделеді.
/жалғасы бар/
Асхат САЙЛАУ,
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану
музейінің ғалым-хатшысы
08 тамыз 2018 ж. 964 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области