Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР БОЙЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШАЙҚАСТАР

СЫР БОЙЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШАЙҚАСТАР


Тарих – өткеннің айғағы, болашақтың бастауы. Өткен күндерден өнеге алып, жас ұрпақ болашаққа қадам жасайды. Бұл –  бұлжымайтын қағида. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағытында еліміздегі тұмса тарихтың куәсі болып, құм астында көміліп жатқан көне қалаларды жаңартып, олардың насихатын арттыру міндеттелгені белгілі. Қазақ халқының тарихында шешуші рол атқарған шайқастар өткені мәлім. Сондай жерлерге қазіргі уақытта арнайы белгі қойса, тарихымыз ұрпақ жадында ұзақ сақталар еді.

СЫҒАНАҚТАҒЫ ШАЙҚАС (1219 ж).
Ескі сығанақ қаласының орны Жаңақорған ауданы Сунақ атадан солтүстік батысқа 2 шақырымдай жерде орналасқан.
Жаңа дәуірдің екінші мыңжылдығының басы қыпшақтардың күшеюімен белгілі. Олардың жойқын атты әскері өз жолындағы барлық аумақтарды, тайпалар мен халықтарды бағындырды. XI ғасырда олардың жер аумағы Сібірден Қырымға дейін созылып жатты.
Ұлы Жібек Жолында орналасқан Сығанақ қаласы қыпшақтардың астанасы болды. Моңголдар келгенше Сығанақ қаласы осылайша дәуірлеген еді.
1219 – 20 ж. Сығанақты Жошы әскері басып алып, өзіне қатты қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысына қарады. Сығанақ кейін Ақ Орданың, көшпенді қазақ-өзбек Шайбанид Әбілқайыр ханның және Қазақ хандығының астанасы болған.

Бақытжан Ахметбек,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу
институтының ғылыми қызметкері
10 қыркүйек 2018 ж. 1 181 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области