Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ ПЕРЗЕНТІ

СЫРДЫҢ СЫРШЫЛ ПЕРЗЕНТІ


Әбділда Тәжібаев (1908-1998) – ақын және драматург, «Қазақ ССР-нің халық  жазушысы». Ардақты қаламгердің есімі Қазақстан жұртшылығына Қызылода ел астанасы болған тұстан, яғни 1925-1926 жылдардан мәлім.
Қазақ кеңес әдебиетінің тарихында көрнекті орынға ие болған ақын Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешіт (Қызылорда) қаласында дүниеге келді. 
Ол Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті бітірген. Кейін С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетті (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.
 Еңбек жолын 1926-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде пошта-газет тасушысы болып бастаған, кейін аталған басылымда корректор болып жұмыс атқарды.
1932-1934 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кеші», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде редактордың орынбасары, 1934-39 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1939-1943 жж. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1945-1948 жж Қазақ ССР ҒА Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1958-1960 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, 1960-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақ ССР ҒА әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1927 жылы Қызылордадағы «Жұмысшы» газетінде, кейін 1933 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты. Осылайша, оның шығармалары қалың оқырманнан бағасын ерте алады.
«Оркестр», «Құтқару», «Екі жиған», «Абыл», «Шын жүректен», «Сүйген жүрек», «Таныс дауыстар» атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді.
«Аралдар», «Жаңа өрімдер», «Кешеден бүгінге», «Кәне қоңырау», «Жастық жылдар», «Құрдастар», «Толағай» және т.б. жыр жинақтары философиялық бағытта белгіленген.
Ә.Тәжібаев «Жүректілер» пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттық кілемі», «Жыр күмбез» атты драмалық дастандарының, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш – орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» пьесаларының, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» және т.б.комедияларының авторы. Қоғам мен адамның ара-қатынасын, адамның қоғамдағы орны мен еңбегі жайындағы тебіреністерін философиялық сырға толы туындылары жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Ә.Тәжібаев «Өмір және поэзия» монографиясында, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды.
«Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нүрпейіс, Нартай, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов және т.б. әдебиет пен өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады.
«Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтған.
Көптеген жылдар бойы поэзия, драматургия, әдебиеттану саласында жемісті еңбек етті. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ол Жұмағали Саин, Қажым Жұмалиев, Таир Жароков секілді әдебиет қайраткерлерімен құрдас еді.
Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М.Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған. Ұлы жазушы: «Ә.Тәжібаев – сыршыл, лирик ақын» деп бағалаған.
Расында да, сол кездердің өзінде ақын шын көңілден өлең жырларын жаза отырып , қазақтың қалыптасқан дәстүрлі лирикалық өлең жолдарын қолдана білді.
Ә.Тәжібаевтің шығармашылығында Сырдария өзенінің бейнесі үлкен орын алады, кейіннен ол Рейн өзенін жырлаған Гейне, Днепрді жырлаған Шевченко сияқты ол өзенді символға айналдырады. Қаһарлы соғыс жылдарында ақынның лирикасы жанрлық ерекшеліктерін тереңдете, молыға түседі. Соның бірі «Аралдар» атты жыр жинағы.
Ақын кейін қысқа өлеңдер орнына көлемді, терең сезімді толғау жырлар жазды. Дастандарының тақырыптары сан алуан – революция, жаңа өмір құрылысы, халықтың өткен өмірі, көптеген адамдардың тағдыры, жаңа дәуір желісі. Заман талабына сай ағын бүгінгі таңдағы басты мәселелерден де алшақтақан жоқ.
Қай елді, қай жерді жырласа да, оның өткені мен бүгінгісі жайында, ақын реалистік қалыптан танбауымен бірге, нағыз қазақ ақынның қалпынан айнымай отырады.
Әбділда дәуірдің әрбір кезеңінен кесек-кесек көріністерін елестетіп, ірі ойлы топшылауларға құрылған философиялық сипаты бар поэма жасауға ұмтылуды. Оның «Портреттері» – соның айғағы. Бұл шығармада ағын заман талабына сай адамдардың қиын тағдырлары, уақыт алдындағы жауапкершіліктері туралы мәлімдеген.
Ә.Тәжібаевтің өлең-жырларының қайнар көзі – туған жер. Сыршыл ақын халқына, өзіне бақыт берген Отанын жыр етеді.
Драматургия Ә.Тәжібаев творчествосының екінші бір кең арналы, биік өрелі саласы болып отыр. Оның сценарийі бойынша (Н.Погодинмен бірге) «Жамбыл» атты көркем фильм түсірілді. Ақынның көптеген шығармалары шет мемлекеттер және де басқа халықтар тіліне аударылған. Орыс жазушылары А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің, Г.Гейненің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1985 жылы Ә.Тәжібаевқа «Қазақ ССР-нің халық  жазушысы» атағы берілген.
Облыс орталығы – Қызылорда қаласында көрнекті жазушылар Ә.Тәжібаев, З.Шүкіров, К.Мұхамеджановтарға ескерткіш қойылған. Сондай-ақ, облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 1999 жылы Қазақстанның халық  жазушысы  Ә.Тәжібаевтың есімі берілді.
Айта кетейік, Ә.Тәжібаев ақын-драматург қана емес, филология  ғылымдарының докторы, профессор.
13 қыркүйек 2018 ж. 2 536 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области