Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АСАРЛАР ТАРИХЫ (ҚОСОБАЛЫ АСАР)

АСАРЛАР ТАРИХЫ (ҚОСОБАЛЫ АСАР)


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын. Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалып, қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталғаны белгілі. Бұл көне қалаларды одан әрі зерттеу жұмыстары жалғасады деген сөз.
Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі. Нақты кезеңде Қызылорда облысы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне 12 ескерткіштер енді.
Сыр өңірінде «Қазақстанның киелі жерлері географясы» жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енгізілген 12 ескерткіштен өзге де тарихи-мәдени нысандар да жетерлік.
Жалпыжұртшылыққа танымал қасиетті орындармен бірге тарихи дәуірі, сондай-ақ атқарған қызметіне байланысты маңызды болғанымен, танымалдығы жоғары емес нысандар да бар. Олар Қармақшы және Сырдария ауданындадары аумағындағы мұнаралар және Жалағаш ауданы территориясындағы Асар төбелер (қалашықтар) орны.
Жоғарыда айтқанымыздай, Жалағаш топырағында ежелгі қалашықтар мен мәдени-ескерткіштер көп¬ теп кездеседі. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін сурет¬ тейтін бұл киелі жерлердің қатарында көне асар төбелер де бар. Солардың бірқатары Таң ауылы аумағында орналасқан. Біз оқырман назарына осыған дейін аталған аудан аумағындағы Домалақ асар мен Үңгірлі асар туралы мақаланы ұсындық. Бүгін Қособалы асар туралы айтпақпыз.
Қособалы асар да Жалағаш ауданы Таң ауылының шығысында шамамен 8 шақырым жерде орналасқан. Қаланың жалпы формасы төртбұрышты болып келген. Қала екі қабаттан тұрады.
Жоғарғы қабаттың биіктігі әртүрлі деңгейде. Ең биік бөлігі – оңтүстік-батыс жақ беті. Қамалды қоршаған дуалдың кейбір жерлерінде күзет мұнараларының құландылары казіргі уақытқа дейін сақталған.
Қаланың бас қақпасы дуалдың оңтүстігінде және ол қақпаны дуалдан шығыңқы етіп салған екі күзет мұнарасы қорғап тұрған. Бекініске жапсарлана көлемі 200 х 200 м болатын алаңша орналасқан. Қорғанның ішкі беті ойпаттау болып келген. Сыртқы қабатының кейбір жерлерін арықтар мен сайларға жиналған ағынды су шайып кеткен.
Қособалы асар – Жалағаш ауданы көлеміндегі Қаңлы дәуіріндегі қала мәдениетінің дамуын көрсететін көрнекті археологиялық ескерткіштердің бірі.
Қособалы асар деп жергілікті тұрғындар қаланың жалпы пішініне қарап (бір-біріне мінгескен қаланың қабаттары) атаған.
Қазіргі уақытта қалашықтың үстіңгі мәдени қабаты дұрыс сақталмаған. Қала орнына барлау жұмыстарын 1962 жылы С.П.Толстов жүргізіпті. Бірақ оған қазба жұмыстары жүргізілмеген.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 323 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области