Қызылордада 3838 тұрғын үйге датчик сатып алынды

«Тұрғын үй секторында көмірқышқыл және табиғи газды анықтайтын 3838 датчик сатып алынды. Қазіргі уақытта аз қамтылған және көпбалалы отбасылар тұратын үйлерге 2532 датчик орнатылды. Сондай-ақ, облыс бойынша 1671 табиғи газ датчигі орнатылған. Осы бағытта жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар жасалуда», - деді Руслан Қайрақбаев.
Мұнан өзге, сала мамандары өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында оқушыларға түсіндірме жұмыстарында жүргізгенін айтты.
Айта кетейік, демалыс кезінде балаларды үйде жалғыз қалдырмауға, тез тұтанатын заттардан аулақ ұстауға кеңес береміз.
