Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада коронавирус тіркелген жоқ

Қызылордада коронавирус тіркелген жоқ

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада коронавирус диагнозымен науқас тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
«Қытай елінде белең алып жатқан коронавирустық аурушаңдықтың алдын алу мақсатында облыс әкімдігі жанынан 14 тиісті мекемелерден біріккен штаб құрылды. Штаб отырысы өткізіліп, аурудың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, шұғыл жағдайлардағы алгоритм бекітілді. Күнделікті емдеу алдын алу ұйымдарында қажетті жұмыстарға байланысты үйлестіру жұмыстары жүргізілетін болады", -деді Әлия Мүтәліпқызы.
 
"2020 жылдың 28 қаңтары күні кешкі 20.00-де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген 60 жастағы науқасқа "коронавирусқа күдікті" деген ықтимал диагноз қойылып, жедел хаттамалық шаралар жасалып, науқас оқшауландырылған боксқа жатқызылды. Дегенмен, алдын ала тексерулер және медициналық анализдерге сүйене отырып диагноз нақтыланбады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, дене қызуы түскен",- деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Әбдусаметов.
30 қаңтар 2020 ж. 383 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области