Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 3 адам Конго-Қырым безгегін жұқтыру күдігімен ауруханаға түсті

Қызылордада 3 адам Конго-Қырым безгегін жұқтыру күдігімен ауруханаға түсті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бір ауылдың 3 тұрғыны конго-қырым қанды безгегіне күдікті ретінде ауруханаға жатқызылды. Олар Шиелі ауданының Досбол би елді мекенінде тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үш жағдай маусымның 13-і, 16-ы және 19-ы күндері тіркелген. Кене шаққан азаматтар бақташылық және егін егумен айналысады екен. Жалпы мамандар биыл осы Шиелі ауданында кене шағу өткен жылмен салыстырғанда көбейіп, 70 дерек тіркелгенін айтып отыр. Аталған жағдайға байланысты ауданның бірнеше елді мекенінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Жалпы өңірде кенемен күрес шаралары көктем мезгілінде белгіленген жоспарға сай атқарылған болатын.
«Кене шағу жағдайымен және температурасы көтерілген бір науқас кешегі күні тіркелді кешке жақын. Бірақ жағдайы жақсы деп айтуға болады, тұрақты. Тек қана қан клиникалық зертханалық сынама нәтижелеріне байланысты және кене шағу фактісі орын алғандықтан конго-қырым геморагиялық қызбасының болжамды жағдайы деген, күдікті жағдайы деген диагноз қойылып, бүгінгі күні бақылауға, медициналық ем тағайындалып жатыр», - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

21 маусым 2019 ж. 380 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области