Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысындағы 123 ауылда кене ошағы анықталды

Қызылорда облысындағы 123 ауылда кене ошағы анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері жүзден астам адамды кене шаққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда қансорғыштан ешкім қауіпті инфекция жұқтырмаған. Конго-қырым қанды безгегін таратушы жәндіктердің ошағы аймақтың 123 елді мекенінде анықталып отыр. Эпидемияға қарсы шаралар мен ауылдар маңында қауіпсіз белдеу қалыптастыру үшін 214 миллион теңге қарастырылып отыр. Қазір өңірдегі шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың қора-қопсысындағы мал-мүлкін дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты залалсыздандыру жұмыстары облыс бойынша дер уақытында басталды. Қажетті құрал-жабдықтар толықтай жеткілікті. Бұл жұмыстар оңтүстік аудандарда Жаңақорған мен Шиелі, сонымен қатар Қызылорда қаласында аяқталды. Соған сәйкес тиімділіктері анықталуда. Ал солтүстік аудандарда бұл жұмыстар әлі де жүргізілуде», - дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы Ақайша Сматова.

14 мамыр 2019 ж. 445 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области