Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» Үйдегі карантин кезіндегі зиян сусындар аталды

Үйдегі карантин кезіндегі зиян сусындар аталды

Kyzylorda-news.kz. Ресейлік диетолог дәрігер Марина Макиша «Звезда» телеарнасына берген сұхбатында коронавирус эпидемиясында оқшаулану кезінде қандай сусындарды ішпеген дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ол, әрине, құрамында қант бар сусындар. Оған газдалған сусын, жеміс шырындары, квас жатады», - дейді дәрігер.
Диетологтың сөзінше, құрамында қант бар сусындар адам иммунитетіне зиян және коронавирус кезінде оларды мейлінше қолданбауға тырысу керек.
«Қант - кешенді қабынуды тудыратын және иммундық жүйеге жүктемені арттыратын өнім», - дейді Макиша.
Дәрігердің сөзінше, үй карантині кезінде адам организміне көбіне қарапайым су пайдалы. Күніне жарты литр ішу керек. Сонымен қатар, диетолог шай мен кофені жиі ішуге болатынын айтты. Алайда бұл сусындардың күшті болмауы және аз мөлшерде ішкен маңызды екен.
Сондай-ақ, оқшаулану кезінде құрамында дәрумені көп шырындарды ішкен жөн.
«Оған құрамында қант жоқ табиғи жидек морсы жатады», - деп түсіндірді дәрігер.
---
16 сәуір 2020 ж. 219 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области