Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ АЛҚАСЫ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕЛБАСЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ АЛҚАСЫ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібі, сондай-ақ еуразиялық интеграцияны одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
  Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің жоғары нәтижелеріне тоқталып, өзге елдер тарапынан бұл бірлестікке қызығушылықтың артып отырғанын атап өтті.
  - Өткен 2017 жыл табысты болды. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 27 пайызға артты. Бірлестігімізге деген зор қызығушылықтың бар екенін көріп отырмыз. Бүгінде бізбен 40-тан астам ел ынтымақтастық орнатты. Біз сіздермен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммиті қарсаңында кездесетін боламыз, оның күн тәртібіндегі барлық мәселе келісілген. Біз күрделі мәселелерді, соның ішінде санкцияға қатысты мәселелерді де талқылайтын боламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
  Тигран Саркисян Мемлекет басшысын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, еліміздің өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.
  - Мен Кеңестің тапсырмасы бойынша Сізбен бірқатар мәселелерді талқыласам деп едім. Атап айтқанда, Жоғары Кеңес отырысын қалай тиімдірек өткізіп, қандай проблемаларға ерекше мән беру қажет екенін анықтауға, сондай-ақ интеграцияны нығайта түсуге қатысты мәселелер бар, - деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы.
Кездесу соңында Т.Саркисян Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық комиссияның қазіргі жұмыстары жөнінде мәлімдеді.
03 мамыр 2018 ж. 653 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области