Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік, зейнетақымен қамсыздандыру, медициналық көмек және жұмысшылардың кәсіби қызметін бақылау жөніндегі Консультативтік комитетінің төртінші отырысы өтті.
  Жиынға осы одаққа мүше елдердің әлеуметтік даму бойынша уәкілетті мемлекеттік және құзыретті орган өкілдері, Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы, кәсіподақтар конфедерациясы және тағы басқа да ұйымдардан қатысты.
Комитет отырысының күн тәртібіне зейнетақы құқықтарын сақтау, ЕурАзЭО-қа мүше мемлекеттер еңбеккерлеріне медициналық және кәсіптік қызмет көрсету, жұмыспен қамту бойынша білім туралы құжаттарды тану және одақ шеңберінде азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының құрамдас бөлігі ретінде шектеусіз жұмыс істеу мүмкіндіктері, сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек саласындағы интеграцияны дамытудың мәселелері талқыланды.
  Зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім жобасы жұмысшылардың зейнетақылық құқықтарын қалыптастыруды, сонымен қатар олардың зейнетақысын тағайындау және экспорттау мәселелерін шешу, және одаққа мүше мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласында ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Бұл құжат 2018 жылы қабылданады деп жоспарлануда.
  Екі күн ішінде жиынға қатысушы елдердің сарапшылары осы шарттың негізгі нормалары мен тәсілдерін, сондай-ақ өзара іс-қимыл тәртібін келісу бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде құжаттың негізгі тұстары бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.
«Бұл келісімнің басты мақсаты – алдымен әлеуметтік кепілдіктер, Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде өзара шекарасыз әлеуметтік қамсыздандыру, сондықтан еңбеккерлер кез келген мемлекеттің аумағында жұмыс істеген кезде, зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік беріледі», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
  Сонымен қатар, Консультативтік комитеттің отырысында денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар, жұмысшылар мен отбасы мүшелеріне, оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жоқ мүше мемлекеттерге медициналық көмек көрсету туралы мәселені шешудегі келіссөздер жүргізу туралы келісімдер жасалды.
  Тараптар әртүрлі салаларда осы одақ шеңберінде білім беру туралы құжаттар туралы ақпарат беретін ЕЭК веб-сайтында ақпараттық ресурстарды құру мәселесін шешу қажеттілігін талқылады. Жұмыс берушілер осы жүйенің көмегімен ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерде берілген құжаттардың түпнұсқасын растайтын болады.
  Күн тәртібіндегі қаралған тағы бір маңызды нәрсе - әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы интеграцияны дамыту, зейнетақы құқықтарын сақтау, жұмысқа қатысушы мемлекеттердің медициналық қызмет көрсету және кәсіптік қызметке қол жеткізудің келешегі талқыланды. Осыған байланысты Консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру туралы Қазақстан Республикасы бастама көтерді.
Қазақстандық бастаманың басты бағыты цифрлық күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу. Яғни, ЕрАзЭО шеңберінде цифрлық экономиканы дамытудағы еңбек ресурстарының еркіндігі, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өзара жағдайын ескере отырып, одаққа мүше мемлекеттерде жұмысшылардың бірыңғай еңбек нарығын құру және еңбек нарығын қалыптастыруға ұмтылу.
11 сәуір 2018 ж. 683 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области