Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА ЕНДІ ЕҢБЕК КІТАПШАСЫ ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҒУЫ МҮМКІН

ҚАЗАҚСТАНДА ЕНДІ ЕҢБЕК КІТАПШАСЫ ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҒУЫ МҮМКІН


    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық ресурстарын дамыту туралы баяндады.
    Осылайша, Бірыңғай электронды еңбек биржасы базасында қызметкердің бейінін сақтау және еңбек келісімшарттарын тіркеу үшін e-HR жүйесі құрылады.
    Электрондық форматқа көшірілген еңбек келісімшарттары қағаз кітабынан бас тартуға, азаматтардың ресми жұмысқа орналасуы туралы, келісімшарт жасау күні көрсетілген ақпарат алуға мүмкіндік береді.
    Сондай-ақ, қызметкердің бейінін енгізу және оның құзыреттілігін онлайн тәртібінде растай алатын болады.
    Еңбек министрі атап өткендей, бұл жобаны мемлекеттік жекемешік әріптестік шеңберінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
    «Биыл бір пилоттық аймақта жұмыс басталады. Жұмыстың нәтижесі бойынша жүйе бүкіл аймақта жүзеге асырылатын болады. Жобаны іске асыру Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуді талап етеді. Ол келісілгеннен кейін біз тиісті заң жобасын дайындаймыз» - деді Тамара Дүйсенова.
    Сонымен қатар, электрондық еңбек биржасының негізінде хабарлау процедурасында 12 МВт-дан төмен табыстары бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды электронды тіркеу жүйесін құру жоспарлануда. Тіркеу туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
    Жалпы алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және еңбек келісім-шарттарын жасаған еңбек биржасының деректері жеке тұлғалардың мемлекеттік базасына түседі. Бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматтандыруды және тұрақты түрде жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.
    Тағы бір айта кетерлігі, министрлікте құрылған Әлеуметтік–еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көші-қон бағыттары.

21 қараша 2017 ж. 815 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области