Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘЖІЛІСТЕ КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МӘЖІЛІСТЕ КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ


ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі  «Қазақстан Республикасының көші-қон және халықты жұмыспенқамту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасын ұсынды   enbek.gov.
Заңнамалық жаңа құжаттың  негізгі ережелерімен   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі  Біржан Нұрымбетов таныстырды.
«Заң жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмалары және шешімдері негізінде туындады.  Мысалы,  Қазақстан халқына«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауында,  Президент еңбек нарығын жаңғырту тапсырылған болатын.  Еңбекпен қамтуды мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру  ҚР Үкіметінің  2016  жылғы 9-қыркүйектегі  кеңейтілген отырысында тапсырылған еді.  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін  одан әрі жетілдіру  туралы» Жарлығымен халықтың көші-қоны саласындағы ұлттық экономика, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің  міндеттері мен құзыреттері белгіленген, – деп атап айтты  вице-министр.
Заң жобасымен: біріншіден,  еңбекпен қамту қызметін жаңғырту қарастырылады.  Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан «Электронды еңбек биржасы»  ақпараттық базасы  белгіленген.  Сонымен қатар,  түзетулер Еңбек кодексінің де кейбір ережелерін де қамтиды. Сондай-ақ халықтың көшіп- қонуы саласындағы міндеттер межеленетін болады.
Еңбекпен қамту қызметін жаңғырту еңбекпен қамту орталықтары жұмыстарындағы айтарлықтар өзгерістерді де қарастырады.   Енді олар бюджет есебінен қаржыландырылмайтын болады, ал мемлекет, мемлекеттік тапсырысты  еңбекпен қамту орталықтары және жекеменшік  еңбекпен қамту агенттіктері арасында  конкурстың негізде орналастыратын болады.   
Осыған байланысты заң жобасымен халықты еңбекпен қамту орталықтарын мемлекеттік мекемелерден коммуналдық кәсіпорындарға щаруашылық жүргігу құқығы негізінде ауыстуры мүмкіндігі ұсынылады.
Келесі жылдан бастап  жекеменшік агенттіктер арасындағы конкурстық негізде жұмыссыздарды еңбекпен қамту және оқыту бойынша лоттар орналастырылатын болады, олардың қатарына алдымен оқытып алып, жұмысқа тұрғызу секілді қызметтер де қарастырылған.  
Сонымен қатар,  жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуі  арқылы  еңбекпен қамту мониторингі енгізілетін  болады.  
Заң жобасымен бос жұмыс орындары мен үміткерлер туралы ақпаратты барлық ақпарат көздерінен,  оның ішінде жекеменшік агенттіктер және  ғаламтор алаңдарынан  алып, «Еңбек биржасы» біріңғай   интернет- ресурсына шоғырландыру ұсынылады.   
Электронды биржаны  жасау  жұмыс берушілерді міндетті түрде  халықты еңбекпен қамту орталықтарына барып тұру  қажеттігінен құтқарады.  
 Жұмыс іздеу барысында азаматтар да еңбекпен қамту орталықтарына барумен қатар  электронды еңбек биржасына да  түйіндеме жүктей алады. Жұмыс берушілердің пікірлерін еңбекпен қамту орталығының ұсынысын күтпей-ақ өз беттерінше біле алатын болады.
Сонымен қатар,  Заң жобасымен  студенттердің қоғам жұмыстарына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған.  Жұмыс берушілерге қойылатын шектен тыс талаптар да алып тасталған.  Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы Кодекстен, жұмыс берушілердің  еңбекпен қамту оратықтарына міндетті  түрде кәсібі дайындықтар өткендердің саны туралы дерек беріп тұруы қажеттігі туралы ереже алып тасталды.
Түзетулер сондай-ақ Еңбек кодексінің ережелерін де қамтыды. Ендігі жерге еңбеккерге  онымен еңбек қатынасының тоқтатылғаны туралы ол  зейнеткерлік  жасқа толғаннан кейін ғана ескерту ұсынылады.
Сондай-ақ, зиянды еңбек жағдайында еңбек ететін денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің  қосымша жұмысты қоса атқаруына тыйым салуды алып тастау ұсынылады.
ҚР Президентінің 2016 жылғы  30¬- желтоқсандағы Жарлығына сәйкес,  көш-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру міндеті ҰЭМ –нен ЕХӘҚМ- не, ал көщ-қон саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және ведомствоаралық үйлестіру міндеті  ЕХӘҚМ –нен ІІМ-ге беріледі.  
Осыған байланысты,  «Халықтың көшіп-қонуы туралы» және «Ішкі істер органдары туралы» Заңдарына аталған мемлекеттік органдардың құзырларына  қатысты тиісті өзгертулер енгізу қарастырылған.   
Сонымен қатар, «Халықтың көшіп-қонуы туралы » Заңына  қоныс аударушыларды қабылдап алуда,   жергілікті атқару органдары  қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың аймақтық квоталарын  олардың  отбасы мүшелері санына қарай  реттеуді  қарастыратын нақтылаушы түзетулер қарастырылған.
Жалпы,  Заң жобасы   4 Кодекс пен  5 Заңға өзгертулер мен түзетулер енгізуді қарастырады.


06 қараша 2017 ж. 882 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области