Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҺАДҮР БАБАЛАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІН ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРЛЕРІ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА - ЕЛБАСЫ

БАҺАДҮР БАБАЛАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІН ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРЛЕРІ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА - ЕЛБАСЫ

Баһадүр бабалардың ерен еңбегін егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын табыстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  «Баршаңызды келе жатқан Отан қорғаушы күнімен және Ұлы жеңіс мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Қатар аталған осы қос мерекенің алдында әр уақытта Бас қолбасшы ретінде жоғары дәрежелі шендер мен атақтарды және марапаттауды жасайтынымды өздеріңіз білесіздер. Ерлік пен патриотизмге дәріптейтін осы айтулы күндер биыл Астананың 20 жылдық мерейтойымен тура келіп отыр.
  «Қазақта елді қорғау - ердің ісі, ерді қолдау - елдің ісі» деген қанатты сөз бар. Сондықтан мен бүгін сіздерге жетістіктіктеріңіз үшін, халыққа үздік қызметтеріңіз үшін арнаулы атақтар мен шендерді тапсырғалы отырмын», - деп атап өтті Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы мінсіз әскери қызметі мен ерен еңбегімен ерекшеленген азаматтарға да еліміздің жоғары дәрежелі орден, медальдарын тапсырғалы отырғанын атап өтті.


03 мамыр 2018 ж. 730 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области