Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ПАСХА МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЕЛБАСЫ ПАСХА МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
    «Қымбатты отандастар! Баршаңызды жарқын мереке - Пасхамен шын жүректен құттықтаймын!
    Көктемнің осы күні әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың жүрегі ерекше жылылыққа, қуаныш пен үміт сезіміне бөленеді. Пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік - еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі.
    Барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі - Қазақстанның басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыта беруіміз керек.
    Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мерейлі мереке қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Жоғары адамгершілікті дәріптейтін Пасха мейрамының мән-маңызы игі істерге жетелеп, біздің өміріміздің гуманистік негіздерін нығайта түседі.
    Баршаңыздың шаңырақтарыңызда татулық пен тыныштық болсын!». Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке тілеймін!», - делінген құттықтауда.
08 сәуір 2018 ж. 676 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области