Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ


    Қымбатты отандастар!
    Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
    Бұл жарқын мереке гуманизмнің, рақымдылықтың, мейірімділіктің, жақынына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мызғымас дәстүрі ретінде қазіргі заманның дәнекеріне айналды.
    Республикамыздың православ христиандары біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуына зор үлес қосып келеді.
    Азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ықыласпен қарау мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаларының бірі болып табылады. Соның арқасында біз елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық, экономика мен қоғамдық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік.
    Осындай айтулы күні Отанымыздың игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз бен игі істеріңіз, ізгі ниеттеріңіз бен жарқын ойларыңыз үшін ризашылығым мен алғысымды білдіремін.
    Әр үйге, әрбір қазақстандыққа амандық пен молшылық, сүйіспеншілік пен береке, бейбітшілік пен бақыт тілеймін!

08 қаңтар 2018 ж. 555 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области