Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛТТЫҚ САНАДАҒЫ СЕРПІЛІС

ҰЛТТЫҚ САНАДАҒЫ СЕРПІЛІС


    Үстіміздегі жылдың алғашқы айларында жарық көріп, ұлттық сананы жаңғыртқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазіргі таңнан, осы кезге дейін қоғам тарапынан қызу қолдау тапты. Әлі де солай бола беретініне еш күмәніміз жоқ. Нақтырақ тоқталсақ, Ұлт Көшбасшысының салиқалы ойы көптің көкейіне қонды. Үнемі айтылуға тиіс мәселеге айналды.  
    Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күні мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы мен халқымның тағылымы мол тарихымен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діні ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын»,-деп ғасырдағы ұлттық сана туралы кеңінен ой қозғады.
    Расында да, еліміздің ширек ғасырдан астам жылдардағы табысты жолы бабалар ізімен сабақтасты. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жеткен ұлттық құндылықтарымыз жан-жақты дәріптелді. Мақсатымызды айқындап, бағытымызды белгілеген Президентіміз бір замандардағы бейтарап республиканы аз жылдардың ішінде жаһанға танытты. Бәсекеге қабілетті болудың алғышарттары  күн тәртібінен түспей, жасампаздыққа ұмтылудың нақты қадамдары жасалды. Бұл ретте де, Ұлт Көшбасшысы салиқалы саясатымен ерекшеленіп, отандастарын жүрісі жылдам дәуірге ілесуге үндеді. Жастарымыздың ой-танымын кеңейтуге ықпал жасап, білімнің жаппай салтанат құруына жол ашты.      
    Ендеше, біздер де жаңғыруды тереңірек ұғынып, ішкі ұмтылыстың дамуға бастайтынын шынайы сезінуге тиіспіз.
    Жанар РЗАҒАЗИЕВА,
    №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының мұғалімі.

26 желтоқсан 2017 ж. 1 026 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области