РУХАНИ ІЗГІЛІКТЕРДІ ҚАДІР ТҰТҚАН ЕЛМІЗ
Бірлік, төзімділік, этносаралық келісім сынды құндылықтар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ ел дамуының маңызды қадамы болды. Соның нәтижесінде, Қазақстан дүниежүзіне бейбітшіліктің Отаны, тұрақтылықтың талбесігі ретінде танылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелер қоғамды рухани дамуға бастайтын маңызды қадам болып табылады. Елбасы өз мақаласында елді жаңа жетістіктер мен биіктерге жетелейтін жүйелі шараларды ұсынып, басты құндылық ретінде елдің бірлігін сақтауымыз керектігін ерекше атап өтті. Бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс,-деді. Менің ойымша, бұл құндылықтарды қастерлеу қажеттігін пайымдайтын парасатты пікір.
Рухани келісім күні 1992 жылдан бастап атаулы күндерінің қатарына қосылып, жыл сайын лайықты деңгейде аталып өтілуде. Мемлекетімізде жүзден астам алуан тіл мен дінді, түрлі діл мен мәдениетті өзара ауызбірлік пен ынтымақта тату-тәтті өмір сүріп, рухани ізгіліктерді қадір тұтып келеді.
Құндылықтарды қастерлей отырып, күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте болса, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы аймақтағы халықтың мүддесін бір мақсатқа, яғни бірлік пен достықты нығайтып, рухани келісім негізінде өмір сүруге жемісті жұмыстар атқарып, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, ортақ отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін адал қызметін одан әрі жалғастыра бермек.
Ләйлә ТӨРЕШОВА,
Қызылорда облыстық Қазақстан
халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі