Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КЕЛЕШЕК ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚАДАМ

КЕЛЕШЕК ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚАДАМ


    Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде қазақ әліпбиін латын жазуына көшіруді қолдау бағытында «Латын әліпбиі – заман талабы» тақырыбында семинар болып өтті.
    Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
    Семинарда мектептің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі М.Разақова бастаманың өзектілігін атап өтті. Оны жүзеге асыру шараларын жүйелеу қажеттігін жеткізді. Әдеби мұраларды іріктеп, олардың латын қарпіне көшірілуін назарда ұстаған жөн.   
    Семинарда мектеп ұжымы Елбасы бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді. Оны жүзеге асыруға бәріміз атсалысуымыз керек деген байлам жасады

18 қазан 2017 ж. 922 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области