ӨРКЕНИЕТ ӨРІСІНЕ ШЫҒАРАДЫ
Бүгін Жаңақорған кентіндегі №56 орта мектебінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді қолдау бағытында мектеп ұжымы арасында талқылау болып өтті.
Латын әліпбиіне көшу – еліміздің жан-жақты дамуына серпін берер бастама екендігі сөзсіз. Ұжым мүшелері осы реформаға қатысты пайымды пікірлер білдірді.
Талқылауда мектеп директорының орынбасары Б.Бимырзаева Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтып, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп бергендігін жеткізді. Соған сай жер-жерде түсіндіру шаралары өтуде.
Қоғам болып талқылап жатқан реформа ертеңі айқын, болашағы байыпты бастама. Латын әліпбиі – өркениет өрісіне жеткізер жол, – деді мектеп директорының орынбасары.