Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ НҰСҚАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ НҰСҚАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


    Ж.Жабаев атындағы №234 мектепте «Қазақ тілінің латын қарпіндегі нұсқасы» тақырыбындағы еңбек ұжымымен дөңгелек үстел өткізілді.
    Дөңгелек үстелді мектеп директоры М.Құдайберген ашып жүргізіп отырды. Латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін қажетті мәселелердің бірі. Олай деуіміздің себебі, біріншіден, қазақтың дыбыстық жүйесін сол қалпында таңбалап бере алатын әліпбиді енгізу болса, екіншіден, сол әліпби қоғам дамуына сай одан әрі жетілдіруге ілесіп, дами алу деңгейінде ескерілетін заңдылықтарды енгізу және қазақтың ұлттық жазуын, әліпбиін тұрақтандыруға, қазақ тілдік қорды сол қалпында сақтап қалатын негізгі графиканы енгізуге бағытталады. Ұжым мүшелері латын қарпіне көшу туралы әртүрлі пікірлерін ортаға салды.
    Дөңгелек үстелдің мақсаты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғындар арасында латын қарпіне көшу қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және латын қарпіне көшу бойынша өзекті мәселелерді талқылау.
    – Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастау алғаны баршамызға белгілі. Жалпы Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Сонымен қатар қарапайым тілмен айтсақ, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Қазіргі таңда ғаламның 70 % латын әліпбиіне көшкен. Латын қарпіне көшсек бізді бүкіл әлем оқитын болады, - деді мектеп директорының орынбасары Роза Баймахан.
    Жиын соңы пікір-талас, сұрақ-жауап форматымен аяқталды және латын тілі бірнеше параметрлер бойынша оңтайлы болып табылатыны сөз етілді.

24 қазан 2017 ж. 943 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области