ӨНЕРТАПҚЫШ ӨРЕНДЕР
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деп атап көрсеткендей, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде студенттер арасында “Өнертапқыш – 2017” техникалық-шығармашылық көрмесі өтті. Байқауға барлық топтың студенттері белсене қатысты.
Байқау қорытындысымен бірінші орын «Жанқожа баба мешіті» және «Мен армандаған техникалық қызмет көрсету станциясы» макеттерін дайындаған бірінші курс студенті Аманбай Сембиевке, екінші орын «Болашақ автомеханиктерге арналған стенд» макеттерін дайындаған екінші курс студенті Мейрамбек Әділхан мен «Жастар саябағы» және «Менің оқу кабинетім» макеттерін дайындаған бірінші курс студенті Аян Иманалиевке берілді. Ал «Темір бұйымдары» жұмыстарын жасаған үшінші курс студенті Әлібек Сержан, «Кран» макетін жасаған екінші курс студенті Кенжебек Ибайдуллаев пен «Менің колледжім» макетін жасаған бірінші курс студенті Ақниет Асамбек үшінші орынға ие болды.
Байқауға белсене қатысқан барлық студенттер колледж әкімшілігінің дипломдары мен алғыс хаттарына және колледж кәсіподағы ұйымының сыйлығына ие болды. Көрме жоғары деңгейде өтті.