Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСТАР ОТАНҒА» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСТАР ОТАНҒА» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


     «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен кездесу «Жастарды жігерлендірген жаңа бағдар» тақырыбында өтті.
    Белсенді жастармен болған кездесуге қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Базар Жалғасбайқызы, партия белсендісі Ғани Қарғабай және Абунасыр Алдабергенов, «Өрлеу» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Баймырза Қожанберлиев, Қызылорда индустриалды техникалық колледжінің директоры Тәшен Оразбекұлы, БПҰ  мүшелері,  жасотандықтар қатысты.
    Жиын барысында, «қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Базар Жалғасбайқызы сөз алып, табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін жастар терең түсінуі керектігіне тоқталды.
    - Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,- деп атап өтті партия ардегері Базар Жалғасбайқызы.
    «Өрлеу» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Баймырза Қожанберлиев: Елбасы «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында болашаққа нық қадам басуға жастарды жігерлендіріп қана қоймай, оларды ұлт азаматы болуға, елдің сенімін ақтауға, Қазақ елін әлемге танытуға жол ашып отырғандығын атап өтті.
    - Елбасы Қазақстан халықа арнаған әрбір Жолдауында жастар саясатына ерекше тоқталып, олардың сапалы білім алуына, әлеуметтік жағдайның дұрыс болуына назар аударып келеді. Мәселен, мектеп бітіруші түлектерді толық қамтуға негізделген «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы, жоғары оқу орынын тәмәмдаған жастар үшін «Болашақ» бағдарламасын ерекше атап өту керек.  Бүгінде бұл жобалар нәтижелі жүзеге асып, бағдарламалар аясында кәсіптік білім алып, тұрақты жұмысқа орналасқан және шет елде білімін жетілдіріп, тәжірибе жинап, өз елінде еңбек етіп жатқан Сыр жастары өте көп. Олар біздің ғана емес, елдің мақтанышы»,-  деді Баймырза Қожанберлиев.
    Шара барысында жастар өз ойларын ортаға салып, ашық пікір алмасты. Барлық жастар атынан «Жас Отан» Жастар қанаты қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес сөз алып, Елбасының «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын Сыр жастары толық қуаттап,  онан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда аянып қалмайытындықтарын жеткізді.



17 қазан 2017 ж. 1 085 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области