БЕРЕКЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНА БІР ҒАСЫР
Арал ауданындағы №21 Қамыстыбас орта мектебінің ашылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аталмыш білім ордасының «Тарихы терең мектебім» атты 100 жылдық мерейтойы тойланды.
Мектеп ауласында өткен мерекелік шараға аудан әкімі М.Оразбаев қатысып, барша жиналған қауымды, мектеп түлектері мен ұстаздарды, оқушыларды білім ұясының бір ғасырлық мерейтойымен құттықтады.
Сондай-ақ мектеп түлегі, мектептің байырғы ұстазы, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Әбішев пен мемлекет және қоғам қайраткері Қ. Саржанов көпшілікті аталмыш мерейтоймен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді. Өз кезегінде мектеп оқушылары да әсерлі өлең шумақтарымен құттықтауларын арнады.