МАҢЫЗЫ БӨЛЕК МЕРЕКЕ
2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіледі.
Бұл мерекенің мәні тереңде жатыр. 1991 жылы дәл осы күні республикамыздың миллиондаған азаматтары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беріп, тарихи таңдау жасады.
Бүгінде Қазақстан айбыны асқақ, әлеуеті асқан, дәулеті тасқан іргесі берік, беделі зор елге айналды.
Бүкіл әлем үшін біздің еліміз ұлттық бірлік пен этносаралық төзімділіктің үлгісі болды. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Біз өз жерімізді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымызды орындауды азаматтық парызымыз деп түсінеміз.
Руслан БЕКБЕМБЕТОВ,
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 МӨСБ бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі.