ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Құтқарушылар күніне орай Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алдымен арнайы құтқару техникасының көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға өрт сөндірушілер мұнараның 4-ші қабатына көрсеткіштік жүгіру мен жылу-түтін камерасында өтуді көрсетті. Шараға қатысып отырған блогерлер арасынан жылу-түтін камерасы лабиринттінен өтуге тырысқандар да болды.
Осыдан кейін өрт сөндірушілер ескерткішінің алдында салтанатты сап түзеу ұйымдастырылды. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін құтқарушылардың кәсіби күні - ерлік, ар-намыс және батылдық мерекесі екенін атап өтті.
Мерекелік іс-шара аясында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Салтанатта қатарға жаңадан қабылданған 15 жауынгер Отанға адал қызмет ететіндігі жөнінде ант берді. Шара соңы салтанатты шарамен аяқталды.