ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ӘРІПТЕСТЕРІН ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлыбек Ілиясовты зейнет демалысына шығарып салу салтанаты ұйымдастырылды.
Нұрлыбек Ілиясов 1972 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. Қарулы күштерде қызмет еткеннен кейін ол Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп, өрт сөндіру қызметін таңдады.
Он алты жыл ішінде ол қарапайым өрт сөндірушіден бөлімі бастығына дейін лауазым сатысынан өтті. Бірақ ол үшін өрт сөндіру, адамдарды құтқару басты жұмыс болып қалды.
Саладағы белгілі маманды зейнеткерлікке шығарып салу салтанатына аға буын өкілдері де қатысты. Әріптестердің құттықтау сөзі жинақталған бейнеролик көрсетілді.
Нұрлыбек Ілиясов өз кезегінде әріптестеріне алғысын білдіріп, өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын жеткізді.