Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ЕЛБАСЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жиында цифрлық трансформация, жаңа технологияларды қолдану және экономиканың одан әрі даму перспективалары жөніндегі мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы басқосуда сөйлеген сөзінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстандағы бизнес ахуалды жақсартуға және ұлттық экономиканы қолдауға бағытталған жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған соң, жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның атқарып жатқан шаралары жөнінде айтты.
– Бүгінде біз қарқынды жаһандық өзгерістердің куәсі болып, сонымен байланысты қиындықтарды бастан өткеріп отырмыз. Оларды еңсеру үшін мен былтыр Үшінші жаңғыру жөнінде міндет қойдым. Макроэкономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, бизнес ахуалы жақсарып келеді, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі жаңғыруы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін атқарылатын жұмыстың бірнеше бағытын атап көрсетті.
– Бірінші. Бұл – реттеуші ортаны жақсарту. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс, Салық және Кеден кодекстері сияқты жаңа құжаттар күшіне енді. Кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулер топтамасы қабылданды. Барлық бағыттар бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары енгізілуде, - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару ісінің сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
– Екінші. Бұл – экономиканы диверсификациялау және жаңа технологияларды енгізу. Еліміз бойынша индустрияландыру аясында 1200-ден астам жаңа кәсіпорын іске қосылды. Инвестициялық және экспорттық стратегиялар жүзеге асырылуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы трансұлттық корпорациялармен бірге ірі жобаларды жүзеге асырудың, аграрлық ғылымды дамытудың, технологиялар трансфертінің және құрылыс саласының жоғары қарқынын қолдаудың маңыздылығын айтты.
Қазақстан Президенті үшінші басым бағыт ретінде инфрақұрылымды жаңғырту қажеттігін атап өтті.
– Біз Еуразиялық мультимодальді көлік-транзит хабын қалыптастырудамыз. Жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы еуразиялық интеграцияны күшейтуге және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштасуға бағытталған. 5 шілдеде «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы болады. Бұл орталық Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының өзегіне және бүкіл Орталық Азия өңірінің хабына айналуға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы ел көлеміндегі және өңірлердегі экономика салаларын цифрландыру үдерісіне кеңінен тоқталды.
– Төртінші. Бұл – цифрландыру. Біз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Цифрлық технологияны агро-өнеркәсіп кешеніне, көлік және басқа да негізгі салалардағы кәсіпорындарымызға енгізу қажет, - деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталды одан әрі дамыту қажеттігі және білім беру жүйесін трансформациялаудың маңыздылығы жөнінде айтты.
– Бесінші. Бұл – адами капиталды дамыту. Білім беру жүйесі экономиканы жаңғырту мен цифрландыруды ескере отырып трансформациялануы қажет. Осыған орай келесі отырысымыздың тақырыбы ретінде «Адами капиталды дамыту» мәселесін ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.
Елбасы сөзінің соңында Қазақстан экономикасын жаңғырту үшін бірлесе тиімді жұмыс жүргізудің маңызды екенін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Шетелдік инвесторлар кеңесіндегі жұмыс топтарының және бүгінгі басқосу барысында айтылған ұсыныстардың бәрін ескеріп, қарастыруды тапсырды.
06 маусым 2018 ж. 585 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области